Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз керек.

Бұрыннан орнатылған теледидарға

  1. Теледидардың ел параметрін тексеріңіз. (Осы параметрді тексеру үшін Арналарды қайта орнату тарауын қараңыз. Ел параметріне жеткенше осы процедураны бастаңыз. Орнатудан бас тарту үшін  BACK пернесін басыңыз.
    Ел дұрыс болса, 2-қадамнан бастап жалғастырыңыз.
    Елі қате болса, қайта орнатуды бастау керек. Арналарды қайта орнату тарауын қарап, орнатуды бастаңыз. Дұрыс елді таңдап, арналарды іздемей өтіңіз. Орнатуды аяқтаңыз. Аяқтаған кезде 2-қадаммен жалғастырыңыз.
  2. Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB флэш-жадын жалғаңыз.
  3. Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін  (Басты бет) Орнатулар > Барлық орнатулар > Арналар > Маман режимінің параметрлері > Арналар тізімін көшіру > Теледидарға көшіру тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
  4. Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде теледидар хабар береді. USB флэш-жадын ажыратыңыз.