HDMI қосылымының көрінісі мен дыбыс сапасы ең жақсы.

Ең жақсы сигнал сапасын алу үшін жылдамдығы жоғары HDMI кабелін пайдаланыңыз және 5 метрден ұзын HDMI кабелін қолданбаңыз, сонымен бірге HDMI 2/HDMI 3 қосылымында HDR қолдайтын құрылғыларды жалғаңыз.

 

Көшіруден қорғау

HDMI порттарында HDCP (жоғары өткізу мүмкіндігі бар сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар. HDCP — DVD немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның көшірілуін болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық құқықтарды басқару) деп те аталады.