Құрылғыны теледидарға әрқашан жоғары сапалы қосылыммен жалғаңыз. Сондай-ақ, сурет пен дыбыстың жақсы тасымалдануын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы кабельдерді пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалғаған кезде, теледидар оның түрін анықтайды және әр құрылғыға дұрыс түр атауын береді. Қаласаңыз, түр атауын өзгертуге болады. Құрылғыға дұрыс түр атауы берілсе, Sources (Көздер) мәзірінде осы құрылғыға ауысқан кезде, теледидар ыңғайлы теледидар параметрлеріне автоматты түрде ауысады.