Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады. Егер таратылатын хабарды теледидар нұсқаулығының деректері арқылы интернеттен жазғыңыз келсе, USB қатты дискісін орнатудың алдында интернетке қосылу қажет.
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген, ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу керек.
USB қатты дискісін пішімдеу…
