USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады. Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар таратылымы (DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы тиіс.
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 4 ГБ бос орны бар USB портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Таратылымды кідірту және жазу үшін, кемінде 250 ГБ бос орын қажет. Таратылымды интернеттегі теледидар нұсқаулығының деректерімен жазғыңыз келсе, USB қатты дискісін орнатпас бұрын теледидарға интернет байланысын орнатуыңыз қажет.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып тұра берсін.

USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген, ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу керек.
Анықт. ішіндегі нұсқауларды оқу үшін Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, USB қатты дискісі деп іздеңіз.