Бұл теледидар MHL™ қызметімен үйлесімді.
Егер мобильді құрылғы да MHL қызметімен үйлесімді болса, мобильді құрылғыны MHL кабелі арқылы теледидарға жалғауға болады. Қосылған MHL кабелі арқылы мобильді құрылғыдағы контентті теледидар экранында бөлісуге болады. Мобильді құрылғы оның батареясын бір уақытта зарядтайды. MHL қосылымы теледидарда ұзақ уақыт бойы мобильді құрылғыдағы фильмдерді көруге және ойын ойнауға ыңғайлы.
MHL кабелімен жалғанған кезде, теледидар қосулы кезде құрылғы зарядталады (күту режимінде емес).
Мобильді құрылғыны теледидарға жалғау үшін белсенді емес MHL кабелі (HDMI - Micro USB) қажет. Мобильді құрылғыға жалғау үшін қосымша адаптер қажет болуы мүмкін. MHL кабелін теледидарға жалғау үшін HDMI 3 MHL қосылымын пайдаланыңыз.

MHL, Mobile High-Definition Link және MHL логотипі — MHL, LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.