Wi-Fi Miracast™ құралы бар теледидарда мобильді құрылғыдан фотосуреттерді көруге немесе музыка мен бейнелерді ойнатуға болады. Мобильді құрылғы мен теледидар әдетте бір бөлмеде болатын ауқымда болуы қажет.

Мобильді құрылғысы Miracast функциясына дайын екенін тексеріңіз.

Теледидарыңыз — Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ құрылғысы. Miracast™ бағдарламасымен смартфон, планшет немесе компьютер экранын сымсыз жолмен теледидар экранынан көруге және мазмұндарды бөлісуге болады. Құрылғының экранындағы бейнелерді (дыбыс пен бейне) ойнатуға, фотосуреттерді және басқа да мазмұндарды бөлісуге болады. Құрылғыны үй желісіне қосудың қажеті жоқ. Теледидар мен құрылғының екеуі де Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ қызметін қолдайтын құрылғы болып, Miracast функциясы қосылып тұруы керек.

Осы теледидардағы Miracast HDCP протоколына қосылымды және құрылғы жіберген көшірмеден қорғалған кеңейтілген мазмұнды көрсете алмайды. Қолдау көрсетілген ең жоғары бейне ажыратымдылығы — 2,4 ГГц Wi-Fi үшін 720 немесе 5 ГГц Wi-Fi үшін 1080.

Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ туралы қосымша ақпаратты www.wi-fi.org веб-сайтынан қараңыз

Wi-Fi®, Wi-Fi CERTIFIED логотипі, Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері. Wi-Fi CERTIFIED Miracast™Miracast™ — Wi-Fi Alliance компаниясының сауда белгілері.