(Басты бет) > Орнатулар > Бағдарламалық құралды жаңарту > Жаңартуларды іздеу > USB
- Бағдарламалық құралды теледидарға жүктеу үшін, жылдамдығы жоғары интернет байланысы бар компьютер және USB жад құрылғысы керек болады.
- 512 Мбайт бос орны бар USB жады құрылғысын пайдаланыңыз. Жазу қорғауының ажыратылғанын тексеріңіз.
- Теледидардағы жаңартуды бастау
Бағдарламалық құралды жаңарту > Жаңартуларды іздеу > USB тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
- Теледидарды анықтау
USB жадын теледидардың USB қосылымдарының біріне енгізіңіз.
Бастау тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Идентификация файлы USB жады құрылғысына жазылған.
- Теледидар бағдарламалық құралын жүктеу
- USB жад құрылғысын компьютерге жалғаңыз.
- USB жад құрылғысында update.html файлын тауып, оны екі рет басыңыз.
- ID жіберу параметрін басыңыз.
- Жаңа бағдарламалық құрал бар болса, .zip файлды жүктеп алыңыз.
- Жүктегеннен кейін, файлды мұрағаттан шығарып, autorun.upg файлын USB жад құрылғысына көшіріңіз.
- Бұл файлды қалтаға орналастырмаңыз.
- Теледидар бағдарламалық құралын жаңарту
USB жад құрылғысын теледидарға қайта салыңыз. Жаңарту автоматты басталады.
Теледидар өзі 10 секундқа өшіп, қайта қосылады. Күте тұрыңыз.
Келесі әрекеттерді орындамаңыз. . .
- қашықтан басқару құралын пайдалану
- USB жад құрылғысын теледидардан шығару
- пернесін екі рет басыңыз
- теледидардағы қуат қосқышын басу
Теледидар өзі (10 секундқа) өшіп, қайта қосылады. Күте тұрыңыз.
Теледидардың бағдарламалық құралы жаңартылған. Теледидарды қайта пайдалана аласыз.
Теледидар бағдарламалық құралының кездейсоқ жаңартылуын болдырмау үшін, autorun.upg файлын USB құрылғысынан жойыңыз.