Wi-Fi желісі табылмады немесе бұрмаланған
- Желідегі қорғаныс жүйесі теледидардың сымсыз қосылымына кіру мүмкіндігін беретінін тексеріңіз.
- Егер үйіңізде сымсыз желі дұрыс жұмыс істемесе, сымды желіні орнатып көріңіз.
Интернет жұмыс істемейді
- Маршрутизатормен байланыс дұрыс болса, маршрутизатордың Интернетпен қосылымын тексеріңіз.
Компьютер және Интернет байланысы баяу
- Үй ішіндегі ауқым, беру жылдамдығы және сигнал сапасының басқа факторлары туралы ақпаратты сымсыз маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
- Маршрутизатор үшін жылдамдығы жоғары Интернет қосылымы қажет.
DHCP
- Байланыс сәтсіз болса, маршрутизатордың DHCP (Динамикалық хост конфигурация протоколы) параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы болуы қажет.