Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға болады. Біздің қызмет көрсетуші инженерлеріміз қажет кезінде жөндеп береді.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған құжаттамадан табуға болады.
Не болмаса, www.philips.com/TVsupport веб-сайтына кіріп, қажет болса, елді таңдаңыз.
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға болады.
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Бұл ауыр жарақатқа әкелуі, теледидарды жөнделмейтіндей зақымдауы немесе кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.