Келесі қадамда әрбір Philips Hue bulb (Philips реңк шамы) функциясын реттейсіз.
Әрбір реңк шамын реттеу үшін…
- Конфигурацияланатын шамды таңдап, OK түймесін басыңыз. Таңдалған шам жыпылықтап тұрады.
- Бастау опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
- Алдымен, шамды теледидарға қатысты қайда орналастырғаныңызды көрсетіңіз. Дұрыс Angle (Бұрыш) параметрі шамға дұрыс Ambilight түсін жібереді. Орынды реттеу үшін жүгірткіні таңдаңыз.
- Екіншіден, шам мен теледидар арасындағы Distance (Қашықтық) тармағын көрсетіңіз. Теледидардан алыстаған сайын Ambilight түсі әлсірей береді. Қашықтықты реттеу үшін жүгірткіні таңдаңыз.
- Соңында, шамның Brightness (Жарықтық) опциясын реттеңіз. Жарықтықты реттеу үшін жүгірткіні таңдаңыз.
- Шамды конфигурациялауды тоқтату үшін OK пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.
- Configure Ambilight+hue (Ambilight+реңк конфигурациялау) мәзірінде әр шам үшін бірдей орындауға болады.
- Бүкіл Ambilight+hue (Ambilight + Реңк) шамдары реттелгеннен кейін Finish (Аяқтау) пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Ambilight+hue (Ambilight + Реңк) пайдалануға дайын.