Сізге не қажет

Теледидарды интернетке қосу үшін интернет қосылымы бар желі маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын пайдаланыңыз.

Байланыс орнату

 (Home) (Басты бет) > Settings (Орнатулар) > All settings (Барлық орнатулар) > Network (Желі) > Connect to network (Желіге қосылу) > Wired (Сымды)

  1. Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен (Ethernet кабелі**) жалғаңыз.
  2. Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
  3. Теледидар желі қосылымын үздіксіз іздейді.
  4. Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.

Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы болуы қажет.

**EMC ережелерін орындау үшін қорғалған FTP Cat. 5E Ethernet кабелін пайдаланыңыз.