LIST > OPTIONS > Арнаны іздеу

Ұзын арналар тізімін табу үшін арнаны іздеуге болады.

  1. Ағымдағы арналар тізімін ашу үшін  LIST пернесін басыңыз.
  2.  OPTIONS > Арнаны іздеу тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
  3. Теру жолында экрандық пернетақтаны ашу үшін OK түймесін басыңыз немесе экрандық пернетақтаны жасыру үшін  BACK пернесін басыңыз.
  4. Таңбаны таңдау үшін навигация пернелерін пайдаланып, OK түймесін басыңыз.
    - Төменгі регистрмен енгізу үшін  (қызыл) пернесін басыңыз
    - Жоғарғы регистрмен енгізу үшін  (жасыл) пернесін басыңыз
    - Сан мен таңбаны енгізу үшін  (сары) пернесін басыңыз
    - Таңбаны жою үшін  (көк) пернесін басыңыз
  5. Өзгертуді аяқтағаннан кейін, Дайын опциясын таңдаңыз.
  6. Арналар тізімін жабу үшін  LIST түймесін қайта басыңыз.