Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз керек.
Бұрыннан орнатылған теледидарға
- Теледидардың ел параметрін тексеріңіз. (Осы параметрді тексеру үшін Арналарды қайта орнату тарауын қараңыз. Ел параметріне жеткенше осы процедураны бастаңыз. Орнатудан бас тарту үшін BACK пернесін басыңыз.)
Ел дұрыс болса, 2-қадамнан жалғастырыңыз.
Елі қате болса, қайта орнатып бастау керек. Арналарды қайта орнату тарауын қарап, орнатуды бастаңыз. Дұрыс елді таңдап, арналарды іздемей өтіңіз. Орнатуды аяқтаңыз. Аяқтаған кезде 2-қадаммен жалғастырыңыз.
- Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB флэш-жадын жалғаңыз.
- Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін (Басты бет) > Параметрлер > Барлық орнатулар > Арналар > Маман режимінің параметрлері > Арналар тізімін көшіру > Теледидарға көшіру тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
- Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде теледидар хабар береді. USB флэш-жадын ажыратыңыз.