- Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан асатын теледидарды екі адам көтеріп тасымалдауы тиіс.
- Егер теледидарды тұрғыға орнатсаңыз, тек жинақтағы тұрғыны пайдаланыңыз. Тұрғыны теледидарға берік етіп бекітіңіз.
Теледидарды салмағын көтере алатын жазық, тегіс бетке қойыңыз.
- Қабырғаға орнатқанда қабырға бекітпесі теледидардың салмағын қауіпсіз көтере алатынына көз жеткізіңіз. TPV CIS Ltd компаниясы қабырғаға дұрыс орнатпағаннан болған жазатайым оқиғалар, жарақаттар немесе зақымдар үшін жауапты болмайды.
- Бұл өнімнің бөліктері шыныдан жасалған болуы мүмкін. Жарақат немесе зақым жағдайларын болдырмау үшін, абайлап ұстаңыз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Теледидарды қуат көзіне жалғамас бұрын, қуат кернеуінің теледидардың артына басылған мәнге сәйкес келетіндігін тексеріңіз. Кернеу басқаша болған жағдайда теледидарды ешқашан қуат көзіне қоспаңыз.