Теледидар мәселесінің шешімін Ақауларды жою ішінен таба алмасаңыз, іздеген ақпаратыңызды Анықт. > Пайдаланушы нұсқаулығы бөліміндегі Кілтсөздер опциясын пайдалануға болады. Пайдаланушы нұсқаулығындағы қатысты бетке өту үшін кілтсөзді таңдаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, AOC компаниясының қолдау көрсету веб-сайтына өте аласыз.
Теледидарға қатысты кез келген мәселені шешу үшін, желідегі қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап, өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде қызметкерлеріміздің бірімен сөйлесіп, сұрағыңызды тікелей қоюға немесе электрондық хабар арқылы жіберуге болады.
Жаңа теледидар бағдарламалық құралын немесе нұсқаулықты компьютеріңізден оқу үшін жүктеп алыңыз.
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ орындау үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде жүктеп, смартфонда, планшетте немесе компьютерде оқуға болады. Бұған қосымша, тиісті анықтама бетін компьютерден басып шығаруға болады.