Дауыспен басқару функциясын іске қосқан кезде теледидардың дыбыстық деңгейі төмендейді.
Дауыспен басқару функциясы мына жағдайларда дұрыс істемеуі мүмкін:
–Сөздер анық және дұрыс айтылмайды
–Дауыс тым қатты немесе тым бәсең шығады.
–Айналасындағы шу қатты естіледі.
Дауыстық пәрменнен басқа сөздер танылмауы мүмкін.
asr & touch_pad
Сенсорлық тақта контроллерін қолданғанда микрофонға шамамен 15 см қашықтықтан сөйлеу ұсынылады.
asr & fartalk
Кірістірілген микрофонды пайдаланғанда теледидар алдынан шамамен 3 м шеңберінде сөйлеу ұсынылады.
asr ^ touch_pad
Смартфонның микрофонына байланысты Дауыспен басқару функциясы дұрыс істемеуі мүмкін.
Дизайны мен техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бұл функцияны толық қолдану үшін сізге кең ауқымды желілік орта қажет, себебі бұл функция интернет қосылымы арқылы сөз тану серверімен қатынасады. Тіпті интернет ортасы болса да, бұл функция прокси параметріне байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Прокси параметрлері жоқ интернетке қосылыңыз. (Үйде қолдану үшін прокси параметрлерінің қажеті жоқ. Интернет ортасы туралы мәліметтерді интернет қызметінің провайдерінен (ISP) немесе телекоммуникация компаниясынан сұрап біліңіз.)
asr & fartalk
Адам қимылы сенсоры
Адам қимылы сенсорының қол жетімді ауқымдары
Қашықтық: шамамен 5 м дейін
Көлденең: шамамен 35° дейін
Тігінен (жоғары қарай): шамамен 15° дейін
Тігінен (төмен қарай): шамамен 7,5° дейін
Адам қимылы сенсоры бөлме және адам денесінің температурасы арасындағы айырмашылықты анықтайды. Қолжетімді ауқымдар қоршаған орта температурасына, киімдерге, т.б. қарай әр түрлі болуы мүмкін. Адам қимылы сенсоры тіке күн сәулесі, жануарлар (ит, мысық, т.б.), кондиционер, жылытқыш, электр ыдыс, т.б. жылы ауа сияқты жылу көзін қателесіп анықтауы мүмкін.
Шетке немесе бойлай қозғалу оңай анықталады, бірақ артқа және алға қозғалу немесе сәл ғана қозғалыс дәл анықталмауы мүмкін.
Қол жетімді ауқымдарда шағылысатын нысан (айна, т.б.) немесе адам қимылы сенсоры мен адамның арасында нысандар болған кезде адам қимылы сенсоры дұрыс істемеуі мүмкін.